16
сентябрь
2021
"РОБОТ ТЕХНИКА" кабинеті
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Осыған орай Елбасымыз «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» - деп өзінің Қазақстан халқына Жолдауында білім саласының жаңа жаһандану заманына ілгерілеу керектігін айқындап берген болатын.
Міне, осы мақсатта біз де өз мектебіміздің балалары жаңа технологияларды меңгеріп, құлтемірді бағындырып, оқу үрдісінде бағдарламалау, 3D модельдеу, алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгерсе деген ойдамыз.
Осы мақсатта мектебімізде “РОБОТ ТЕХНИКА” кабинеті ашылды