11
январь
2022
ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 11 қаңтар күнгі халыққа ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ жөніндегі Үндеуін №24 мектеп ұжымы бір ауыздан қолдайды. Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік шекараны нығайту, Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіру, ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару, мұғалім маманы тапшы аймақтарға ең үздік мұғалімдерді тартуға арналған арнайы бағдарлама дайындау, 2025 жылға дейін кемінде 5 беделді шетелдік университеттердің филиалдарын ашу, соның ішінде батыс аймақта техникалық бейімділікпен 2 ЖОО ашу, жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыруға ат салысу. Мемлекет басшысының сөзі әрбір қазақстандықтың жүрегіне үміт отын жағып, Жаңа Қазақстанның жақсы күндерінің басталғанын айтып тұр. Жаңа Қазақстанды Бірге құруға дайынбыз!