Мектепке жол акциясы 2022 жыл » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке жол акциясы 2022 жыл
23
сентябрь
2022

Мектепке жол акциясы 2022 жыл

Жылдағы дәстүр бойынша  01.08.-01.31.09 аралығында мектебімізде  республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Жүректен жүрекке» ұранымен өтіп жатыр.

        Бұл іс-шараның басты мақсаты: мектепте оқумен қамтылған балаларды анықтап,әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы  отбасынан шыққан оқушыларға, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, сонымен қатар белгілі әлеуметтік жағдайы бойынша  балаларға мүмкіндігінше қол ұшын беріп, көмек беру. Биылғы жылы «Бала жылы» болғандықтан,біздің атқарып жатқан барлық жұмыстарымыз осы балаларға қайырымдылық жасап,қолдан келгенше көмек көрсету.Мектеп қабырғасында тақырыптық-ақпараттық баннер шығарылды.

      2022-2023 оқу жылында мектебімізде жалпы  оқушы саны 1953 бала. Жыл басында аудан көлемінен 184 балаға бір реттік 37 500 тг көлемінде қаржылай көмек берілді.Бұл тізімге енген балалар,тек АСП алатын 57 оқушы,3 жетім бала,аз қамтылған,толық емес 129 балаға берілді.Қазіргі уақытқа дейін ата-аналар чектерін өткізіп,есептерін жинақтап беріп жатыр.Біз оның барлығының есебін ауданға өткізетін боламыз.Оған қоса біз облыс әкіміне 60 оқушыға қосымша тізім бердік.Бұл тізім 184 оқушымен қатар жіберілген болатын. (Оған әлі жауап келген жоқ).  30-тамызда Аудан тарапынан 2 оқушы сұраған болатын.Мектептен Кошкин Тимур және Әбдіхалық Көркемге рюкзак толы кеңсе тауарларын берді.Ауданымыздағы жеке кәсіпкер осындай тағы 80 балаға рюкзак берді.Айта кететін болсақ,мектебімізде мұғалім Тектібаева Б.Т. 40 000 тг көлемінде мына оқушыларға көрсетті.Олар: 6 «Г» сынып оқушысы Абдыхалық Ж, 7 «Г» сынып оқушысы Мүсірепбаеваға жаздық   киім-кешек алынды.  Гайдарқызына кеңсе тауарлары алынды. 2 «Е»  сынып оқушысы Жамиғат Е. 5000 тг қаржылай берілді.Және тағы сол сияқты мұғалім Усеинова Д.М. жоғарыда айтып өткен 6 «Г» сынып оқушысы Абдыхалық Жанеркеге 50 000 тг қаржылай көмек көрсетті. Жанеркенің анасы бұл қаржыны тек қызына мақсатты түде жұмсап,мектепке керек жабдықпен қамтамасыз еткенін ризашылықпен айтуда. Амутова Айнур .Хуантхан А. балаларға мектепке ұстайтын рюкзак т.б.жаңа киімдер акеліп берді.Мұғалім Гуламова Р.М. 10 000 тг қаржылай берді.ДТІЖО Тастанбекова Р.Е мен мектептің құқық менеджері Шатыбайқызы Ж. 4 «Ә» сынып оқушысы  Адыбай А. мектепке киетін аяқкиім алып берді.Мектебімізде 02.09 қыркүйектен бастап әртүрлі санаттағы 294 бала ыстық тамаққа ұсынылды.Қазіргі кезде осы балалар екі ауысымға бөлініп  мектеп асханасынан тамақ ішіп жүр. Одан бөлек біз «Мектепке жол» акциясы аясында жеке кәсіпкерлер мен жұмыс жасалып,мешіт имамына  сұраныс тасталды.Әлеуметтік желіге Фейзбук,  Инстаграм желілеріне жарияланды. 

     09.09.2022ж мектебімізде «Жүректен жүрекке» ұранымен 5-11 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды.Балалар өз қолдарымен дайындаған тәтті тағамдарын қолжетімді бағада өткізіп, мектебіміздегі қайырымдылық акциясына белсене атсалысты. 5-11 сыныптарда жалпы саны 47 комплект класс жабдықталған. Осы аталған сыныптардан 360.000 тг көлемінде қаржы түсті.Оқушылар ғана емес, сынып жетекшілер де өз аттарынан ақшалай көмектерін көрсетіп атсалысты. Осы қаржыдан 62 балаға киім-кешек, кеңсе тауарын алдық. 12 дана ұл балаларға арналған куртка, 5  қыздарға арналған куртка,куртеше,кеудеше(бумер) 8 дана,6 пар аяқ киім алынды. 100 000 тг-ге кеңсе тауарын алдық.( қалам, қарандаш, дәптер, дәптерқап, сурет альбом,қалың дәптер т.б.)

Оқушының аты-жөні

Көрсетілген көмек түрі

1

Самат Имантай

Шалбар, жейде

2

Ильясов Ильяр

Спорттық киім (форма)

3

Бауман Роман

Спорттық киім

4

Нұрсултан

Аяқ киім

5

Жұмабек Б

Аяқ киім

6

Бауман Виктория

Аяқ киім 

7

Нурахметова Махрибан

Аяқ киім

8

Тұрсынбек Айбарыс

Қыстық аяқкиім

9

Ильясов Ислам

Күздік куртка

10

Кошкин Руслан 

Күздік күртеше

11

Орынбай Толқынай 

Спорттық аяқкиім

12

Масалим Эльвар

Күздік куртка

13

Абдималик Адия

Спорттық киім,куртка

14

Буршакбаева 

Юбка

15

Қуатұлы Сезім

Қыстық куртка

16

Асқарқызы Анель

Спорттық киім

17

Асқарқызы Інкәр

Спорттық киім

18

Нұрдаулет Альмира

Күздік куртка,аяқ киім

19

Қызылқұлов Ердаулет

Куртка, аяқ киім

20

Құдайберген Диана

Куртка, аяқ киім

21

Тұрсынбай Бақытжан

Куртка, аяқ киім

22

Қанатбек Нуржол

Куртка, аяқ киім

23

Шаяхунов Наиль

Қыстық аяқ киім

24

Жоламанов Бекзат

Аяқ киім

25

Құдайберген Бейбарыс

Куртка

26

Талғат Нурай 

Жейде,шалбар

27

Абдулжанова Альмина

Кофта, аяқ киім

28

Ибрагимов Имран

Спорттық киім, аяқ киім

29

Рыбаева Нұрай 

Куртка, аяқ киім

30

Райнутдин Шахидам

Спорттық сумка

31

Маулет Нұрсұлтан

Куртка

32

Муханбетов Бахтяр

Спорттық киім салатын сумка

33

Абдыхалық Жанерке

Күздік аяқ киім

34

Курвансупиева Динара

Юбка,шалбар

35

Рымбаев Берік

Куртка,аяқ киім


Осы сиякты 32 балаға кеңсе тауарлары берілді. Үйде оқытылатын балаларды да кеңсе тауарларымен  қамтамасыз етілді. Сонымен қатар ақшалай көмек берілген оқушылар да бар.    

       Одан бөлек біз «Мектепке жол» акциясы аясында жеке кәсіпкерлер мен жұмыс жасалып,мешіт имамына  сұраныс тастаған болатынбыз. Осы бір өтінішімізді ескерусіз қалдырмай 3-ауыл мешітінің имамы Ешмұрат Алмат мырза қыз балаларға арналған 76  дана аяқ киім әкелді.(31-32-33-34-35-36разм) Бастауыш сынып оқушыларына таратылып берілді. (22.09.2022)

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив