Жетістіктеріміз » Страница 2 » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп мақтанышы!
10
сентябрь
2022
Мектеп мақтанышы!
2022 жылдың 07 қыркүйек күні облыстық «КӨРКЕМ ОЙ, КӨРКЕМ СӨЗ, КӨРКЕМ ТІЛ» мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос жастарының облыстық конкурсы өткізілді. Конкурста ауданның жеңімпаздары облыстық байқауда жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ: Панфилов ауылдық округі Қызыл Ту ауылы № 24 мектептің 11 «В» сынып оқушысы  Маметова Зульхумар ІІ орынды  иеленді. Жетекшісі- Иманбергенова Г.К.    
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ!
16
март
2022
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ!
Сүйінші! Өткен аптада 3 наурыздан 7 наурызға дейін Шымкент қаласында "Әмбебап жекпе-жектен" Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Әлем чемпионатына іріктеу. Біздің 24 орта мектептің оқушылары:  1.Аблагатов Алижан 9 А сынып Лайт контактжәне классикадан да 1 орын алды 2.Тогжигит Нурасыл 8 А сынып  Лайт контактан 1 орын алды Классикадан 2 орын алды  3.Игамбадиев Рамиль 7 сынып  Лайттан 1 орын алды 4.Кенесхан Акбота 7 сынып Лайттан 2 орын Классикадан да 2 орын 5.Исмаилова Карина 10 сынып
Ана тілің - арың бұл!
16
сентябрь
2021
Ана тілің - арың бұл!
Талғар ауданы, Қызыл ту-4 ауылы  "№24 жалпы білім беретін орта мектебі" МКМ  Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде. Талғар аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген   "Тіл шебері" аудандық байқауына қатысқан 9 сынып оқушылары Сейдахмет Аружан ІІ орын, Айтан Қарақат ІІІ орынға ие
Мектеп мақтанышы!
23
апрель
2021
Мектеп мақтанышы!
#ДАРЫНДЫБАЛА Жағымды жаңалық! 04.04.2021ж. Алматы қаласында қашықтан республикалық "Рауан" фестиваль-байқауы өткен болатын. "Аспапты музыка, фортепиано" (орта буын) номинациясынан мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы Арыстан Салтанат  ІІ-орынды иеленіп дипломмен марапатталды. Салтанатқа өнер жолында алар жеңістерің көп болсын! -деп тілейміз. Сынып жетекшісі: Искулова Г.Ш.
Мектеп мақтанышы!
05
апрель
2021
Мектеп мақтанышы!
Сәуір айының 2-3-4 күндері аралығында Талғар қаласында 17 және 18+ жастар мен ересектер арасында Ушу-Саньда күресінен Қазақстан чемпионаты өткен болатын. "Қызылту" СК жас спортшылары : Исмаилова Карина- алтын, Ахмет Аслан-күміс, Турганжанов Расул -күміс, Тохтахунова Нурбуви-күміс, Алибай Айбек -қола, Турдиев Кудрат-қола медальдерін өз қанжығаларына байлады. . Клуб жетекшісі- Шаев А. Жеңістерің құтты болсын жас өрендер!!!!
Мектеп мақтанышы!
29
март
2021
Мектеп мақтанышы!
Aлматы облысы, Талғар ауданы, Қызылту ауылы "№24 жалпы білім беретін орта мектебінің"  бір топ жас спортшыларының 25-наурыз Шымкент қаласында өткен Республиклық "Пенчак Силат" турнирінен "ЖЕҢІС ҚОРЖЫНЫ"  тағы 9 "алтын", 3 "күміс", 1 "қола" медальдерге толықтырылды. Аблагатов Алижан (алтын), Ергалиев Димаш (алтын), Игамбадиев Рамиль (алтын), Исмаилова Карина (алтын),  Лакимов Имран (алтын), Аршидинов Халмурат (алтын), Абдунабиев Ислам (алтын), Семятова Элинур (алтын), Акбаржанов Умид (алтын),
Мектеп мақтанышы!
27
март
2021
Мектеп мақтанышы!
Сүйінші хабар! 25-наурыз Шымкент қаласында Республиклық "Пенчак Силат" турнирінен Республика чемпионы атағын алып, алтын медальға ие болған "№24 жалпы білім беретін орта мектебінің" 5 "Д" сынып оқушысы Аскаров Алиаскарды мектеп ұжымы атынан құттықтаймыз! Алар асуларың көп болсын Алиаскар!  
Мектеп мақтанышы!
16
март
2021
Мектеп мақтанышы!
№24жалпы білім беретін орта мектебі "МКМ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арналған "Спортпен бірге денсаулықты шыңдаймыз" облыстық спартакиадасында белсенді қатысқан 11 "Ә" сынып оқушылары: Молдажан Айым,Құралбай Ерден,Ғабитұлы Дінмұхаммед алғыс хатпен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!!! Биік белестерді бағындырыңыздар!!!
Мектеп мақтанышы!
10
март
2021
Мектеп мақтанышы!
Талдықорған қаласында 27.02.-02.03.2021ж. аралығында "Қол күресі" Қазақстан чемпионаты аяқталды. "Қызылту" спорт клубының жас спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медалін қоржындарына салды. Мектебіміздің оқушылары - Турганжанов Расул 3-орын, Молдажан Айым 3-орын, Тохтахунова Нурия 2-орын иеленді. Клуб жетекшісі- Шаев А.  Жеңіс құтты болсын!!!
Мектеп мақтанышы!
10
март
2021
Мектеп мақтанышы!
Алматы облысы, Талғар ауданы , Қызылту ауылы №24 орта мектептің 1 Б сынып оқушысы  Болат Аружан сабақтан бос уақытында спорттық гимнастикамен айналысады. 27 ақпанда өткен балалар арасында спорттық гимнастикадан ІІІ разрядты қорғау сайысында Болат Аружан тамаша өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Аружанды жеңісімен құттықтай отырып, алар асуың көп болсын!- демекпіз.