«Мектеп жасына дейінгі шағын ортылығы бар № 24 жалры білім беретін орта мектебі» МКМ » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп жасына дейінгі шағын ортылығы бар № 24 жалры білім беретін орта мектебі» МКМ
25
февраль
2020

«Мектеп жасына дейінгі шағын ортылығы бар № 24 жалры білім беретін орта мектебі» МКМ

«Мектеп жасына дейінгі шағын ортылығы бар № 24 жалры білім беретін орта мектебі» МКМ

Мектептегі білім алушыларды  бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы 


 
    Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың денсаулығының мықты болуы кез келген қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны баршамызға аян.Ал денсаулық көбіне әрбір адамның ұстанатын өмір қағидасымен тамақтанатын асына тікелей байланысты. Сол себепті мектеп оқушыларының тамақтану мәселесіне айрықша мән беріп,оның дұрыс жолға қойылуын қадағалауда ұстауымыз керек.     Білім беру мекемелерінде тамақты ұйымдастыру үшін жағдай жасалынады. Мектепте  дұрыс  ұйымдастырылған  тамақтану оқушының  үлгерімі  мен  жұмыс  қабілетінің артуына   жәрдемдеседі.
      Биылғы оқу жылында  «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №24 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ
 «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде оқу жылының басында138 (жүз отыз сегіз)оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оқушылардың барлығы толық мектептен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылса, қосымша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан мектеп жасында оқитын 14 (он төрт) оқушы  тегін ыстық тамақ тізіміне қосылды.
    Мектебімізде   27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы   ұйымдастырылып,іс-шара жоспары құрылды. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін комиссия құрамы құрылып, аптасын екі рет сейсенбі, бейсенбі күндері рейдтер жүргізіліп, ыстық тамақтың сапасы тексеріліп отырды.
  Жалпы мектебімізде мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы, құрамы мектеп медбикесі тарпынан тексеріліп тұрады.Жоспарға сай  1-4 сыныптар арасында «Ас-адамның арқауы» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.Мектеп дәлізінде ақпараттық жылжымалы стенд орналастырылып,оқушыларға «Дұрыс тамақтану» туралы жадынама таратылды. 5-10 сынып оқушылары  «Дұрыс тамақтану», «Ас-адамнаң арқауы» тақырыбынада шығармалар мен рефераттар жазып, акцияға өз үлестерін қосты. Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

  Әлеуметтік педагог Мұқаш У.А

Похожие публикации:

08 февраль 2018 мектеп әкімшілігі
08 февраль 2018 Мектеп тарихы
06 февраль 2018 Мектеп ұжымы
06 февраль 2018 Мектеп ұжымы