"Мектепке жол" және "Қамқорлық" акциясы 2020-2021 оқу жылында » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматинская область білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Мектепке жол" және "Қамқорлық" акциясы 2020-2021 оқу жылында
16
февраль
2021

"Мектепке жол" және "Қамқорлық" акциясы 2020-2021 оқу жылында

         «№24 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде  11 қаңтар мен 11 ақпан аралығында жетім, жартылай жетім, әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына, көп балалы отбасы балаларына, сәтсіз жанұя балаларына әлеуметтік көмек, қолдау көрсету жолында Республикалық  «Қамқорлық» және жыл бойына ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы жүргізілді. Қызыл Ту-4 ауылының  кәсіпкерлеріне, меценаттарға, Қазақстан жеткіншектерінің болашағына бейжай қарамайтын адамдардың назарына әлеуметтік әртүрлі санаттағы оқушыларға материалдық көмек  көрсету мақсатында үнпарақтар мен арнайы жазылған   сұраныс хаттары жолданды. Мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы әртүрлі санаттағы бала саны – 769 бала. Оның ішінде толық емес жанұя балалары -110, жартылай жетім-50, әлеуметтік жағдайы төмен – 67, көпбалалы -538, жетім -3, ата-ана қамқорлығынсыз қалған -1. Сынып жетекшілері анықтаған оқушыларына тұрмыс жағдайын тексеріп актіледі. Санаттағы оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтылған.

        Акция барысында:

Мектебіміздің 4 жетім, 9 ерекше білімді талап ететін оқушыларына түрлі тәттілер мен жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

Талғар ауданының орталық мешітінен көмекке мұқтаж 70 отбасына азық-түлікпен  көмек көрсетілді.

Демеуші Елдос Молдабек  көмекке мұқтаж 3 отбасыға азық-түлік алып беріп, өз   қолдауын білдірді.

Педагог-организатор Тастанбекова Р.Е  санаттағы 2 оқушыға қыстық киім-кешек алып беріп, көмек көрсетті.

Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп отырған 4 сынып оқушысы Дильшатұлы Михратқа сынып жетекшісі Изимова Камила Розиевна демеушілермен бірлесіп, көмек ұйымдастырылып, 40.000 (қырық) мың теңге көлемінде азық-түлікке қаржылай көмек берілді.         

Ерекше білімді талап ететін, үйде оқитын 10 оқушыға баланың ой-өрісін дамытатын ойыншықтар беріліп, демеушілер өз тарапынан қолдауларын білдірді. 

3-сынып оқушысы Мейірбек Асылбекке спорттық үлгіде аяқ киім және киімдер берілді. Сонымен қатар акция барысында мектеп мұғалімдері, Қазақстан жеткіншектерінің болашағына бейжай қарамайтын ұстаздар, ата-аналар жеке оқушыларға көмек қолдарын созып, киім кешектер әкеліп беріп көмектесті.

15 оқушыға сынып жетекшілері, ата –аналар тарапынан ұйымдастырылған көмектен, демеушілік көмектерден ұялы телефондарына бірлік салынды. 5 оқуға ұялы телефон алып берілді.

12 отбасына демеушілер, сынып жетекшілер мен ата-аналар бірлесіп қаржылай көмек көрсетті.

Ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер Тутыбаев Бақытбек  аз қамтылған 50 отбасына азық түлікпен қамтамасыз етті.

3 ауылда орналасқан «Молдахмет ата» мешіт имамы Ешмұрат А.Ж ,  ТО   Әр-Аңсар  қайырымдылық қоры, ауылдың кәсіпкер азаматтары бірлесіп   әр түрлі санаттағы  55 отбасына азық түлікпен көмек көрсетті. 

Сонымен қатар Қызылту -4 ауылындағы   97-617  әскери бөлімшеден  әр түрлі санаттағы 10 отбасына азық түлікпен көмек көрсетілді.

Жеке кәсіпке Мәлібеков Еркін  әр түрлі санаттағы 4 отбасына, жас отбасы Ыбрайымдар отбасы 5 отбасына азық түлік алып беріп,көмек көрсетті.

2-ауыл «Қожахмет ата» мешіті Нығмет Қайырбек ,демеушілермен бірлесіп 20 отбасына азық түлік алып берді.

3 ауыл «Молдахмет ата» мешітінің имамы Ешмұрат Алмат Жақсылықұлы демеушілермен бірлесе мектебіміздегі  жекелеген санаттағы 26 оқушыға кеңсе тауарларын, Сонымен қоса «Қожахмет ата»мешіт имамы Қайырбек Нығмет   жекелеген санаттағы 4 оқушыға мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарын алып беріп көмек көрсетті.

Мектебіміздегі 2 «е» сынып оқушысы Рабиев Исмоил,4 «д» сынып оқушысы Рабиев Ахмаджон үйлерінің өртеніп, төтенше жағдай орнауына байланысты мектеп ұстаздары 74,000 (жетпіс төрт) мың, ата-аналар 40,000 (қырық )мың теңге қаржылай көмек көрсетті.

Аудан тарапынан көпбалалы отбасына тәрбиеленетін 7 «В» сынып оқушысы Талғатқызы Динара мен 4 «Ә» сынып оқушысы Бағдәулет Іңкәр қыстық аяқ киім мен куртка берілді.

Аудан тарапынан көпбалалы, аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін 13 балаға жаңа жылдық сыйлықтар, тәттілер берілді.

Әр түрлі санаттағы 30-ға жуық оқушы «Балдаурен- Қапшағай» лагері мен «Бөбек» санаториясына демалуға жіберілді.

Мемлекет  тарапынан әр түрлі санаттағы отбасыларға арнап мектебімізге 300 ноутбук, 200 роутер берілді. Санаттағы оқушыларға қажеттілігіне қарай таратылуда. 

АСП алатын 65 оқушыға спорттық киім, аяқ киім және ноутбук беріліп, таратылды.

Қорыта келгенде, "Мейірім етсеңғ мейірім көресің" деп дана халқымыз айтқандай, сіздерді, жақсылық жасауға шақырамын!    












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив