«1наурыз -Алғыс айту күні» » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2021

«1наурыз -Алғыс айту күні»

Алғыс айту күні – Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының зор жеңісі. Осы сындарлы саясаттың арқасында азақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты. Мерекелеудің басты мақсаты- азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту болып табылады.

 «Алғыс айту» күніне арналған апталық  бұйрығы шығарылып, іс-шара жоспары бекітілді. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды.

ДТІЖО – Аликеева З.К., педагог-ұйымдастырушы -Тастанбекова Р.Е. 22.02.2021ж. «Сәлемдесу салтымыз» тақырыбында мәлімет оқи отырып, апталық жоспарымен таныстырды. 

Жоспарға сай «1наурыз -Алғыс айту күніне» орай сынып жетекшілер бірыңғай сынып сағаттын сонымен қатар ашық тәрбие сағаттарын (онлайн) жүргізді. Атап айтсақ бастауыш сыныптарында: «Алғыс айту парызым!» 2 «В» сынып жетекшісі-Жаныспаева Н., «1 наурыз -алғыс айту күні» 3 «Ә» сынып жетекшісі-Абдиева Э.А., «Алғысым шексіз еліме!» 6 «Ж» сынып жетекшісі- Амутова А.А. ашық онлайн тәрбие сағаттарын өз деңгейінде өткізді. Ашық тәрбие сағаттарында пайдаланған бейнежазбалар Facebook әлеуметтік желісіне жарияланды.

  


Мектеп дәлізінде мерекелік іс-шараға арналған қабырға газеттері, стенд және алғыс айту тақтасы қойылды. 



Наурыздың 1-і күні І-ші ауысымда оқитын оқушылар мен ұстаздарды мектептің кіре беріс дәлізінде   ДТІЖО –Аликеева З.К., Мұқаш Ұ.А., педагог-ұйымдастырушы –Тастанбекова Р.Е., әлеуметтік педагог –Тилешова М.М., педагог-психологтар Чуюмбек А.Э.,  Қырғызова А.А.,  «Өзін-өзі басқару» ұйымының белсенділері,  музыкалық қошеметпен күтіп алды. 

Сонымен қатар оқушылар мен ұстаздарға тәттілер мен жапсырмалар таратылды. Дүйсенбілік көңіл-күй атмосферасы көтеріліп, барлық келушілер ризашылығын білдірді.

  Іc-шара барысында ДТІЖО Аликеева З.К. бастаған топ әр оқу бөлмелеріне кіріп «Қазақстан –мейірімділік мекені» акциясымен оқушыларға әр түрлі тапсырмалар жазылған тәтті шоколадтар таратылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты: оқушыларды айналасындағы көмекке мұқтаж адамдарға игі істер жасауға ынталандыру. Тапсырма 2 күнге берілді. Тапсырма алған оқушы 2 күнде тапсырманы орындап, бейнежазба немесе фотоесеп түрінде әлеуметтік педагог М.М. Тилешоваға өткізетін болады. Тапсырма түрлері:М.Мақатаевтың 3 өлеңін жатта, Анаңа үй шаруасында көмектес, Бауырларыңа алғыс білдір, Қарт кісіге көмек жаса, Кітап оқып, оны жақын досыңа бер, Отбасыңа түскі ас әзірле, «Алғыс күні» тақырыбына эссе жаз т.с.с. көптеген маңызы зор тапсырмалар берілді. 

Үлкен үзіліс уақытында оқушыларды ұлттық тәрбие беру мақсатында «Қара жорға», «Қамажай» биіне флешмоб ұйымдастырылды. 


Дәлізге қойылған алғыс тақтасына ұстаздар мен оқушылар өз алғыстарын жазып, қолтаңбаларын қалдырды. 

    

 «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс шара өз деңгейінде өтті. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив