Дарынды балалармен жұмыс. Дарынды талантты тұлға -халқымыздың ең қымбат байлығы. » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дарынды балалармен жұмыс. Дарынды талантты тұлға -халқымыздың ең қымбат байлығы.
12
апрель
2022

Дарынды балалармен жұмыс. Дарынды талантты тұлға -халқымыздың ең қымбат байлығы.

  • Дарынды балалармен жұмыс. Дарынды талантты тұлға -халқымыздың ең қымбат байлығы.  

Дарынды оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту - Қазақстанның зияткерлік әлеуетін сақтау мен дамыту қажеттілігіне негізделген. Әрбір оқушы тұлға ретінде қайталанбайды және өз ерекшеліктері жағынан жеке дара, демек, әрбір оқушының мүдделері мен бейімділіктерін толықтай қанағаттандыру мақсатында қажетті деген барлық қабілеттіліктерді дамытуға жағдай тудыру керек. Жекелеген пәндер бойынша ерекше дарындылық танытқан, жоғары қабілеттілік деңгейлерін көрсеткен балаларға жеке дара көңіл бөлу – дарынды тұлғаны қалыптастырудың бірден бір жолы. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. 

Олимпиада  бойынша

Қыркүйек айында жаратылыстану- математикалық циклы пәндері бойынша ХІҮ Президенттік олимпиадананың І /өңірлік/ кезеңіне 11-сынып оқушылары Құралбай Едіге, Зейнегабдулов Айдана, Қадырбек Сымбат, Есенгелді Ақтөре  қатысты


12 қараша күніРеспубликалық  «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндерден   5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың мектепішілік кезеңі жан- жақты нұсқаулық бойынша ұйымдастырылып, пәндер бойынша білімді оқушыларды іріктеу мақсатында өткізілді. Олимпиадаға барлығы 53 оқушы қатысты. 5-сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен   -13 оқушы, орыс тілі пәнінен-2 оқушы, ағылшын тілінен -6 оқушы, тарих пәнінен -4 оқушы, жаратылыстану пәнінен-2 оқушы қатысты. 6-сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  -4 оқушы, ағылшын тілінен -13 оқушы, тарих пәнінен -1 оқушы, математика пәнінен-4,  жаратылыстану пәнінен-4 оқушы қатысты.  Мектеп директорының бұйрығымен ұйымдастыру комитеті, әділ қазылар алқасы тағайындалды. Сыныптағы кезекшіге  олимпиаданы өткізу тәртібін бақылаушыға арнайы нұсқаулық берілді. Олимпиада сағат 10.00 -де басталып, уақытымен аяқталды. Тексеру олимпиаданы аяқтап, жауап бланклерін жинаған кезден басталды. Әр пән бойынша оқушылардың жинаған балы анықталып,  хаттама толтырылды. Олимпиада нәтижесінде 12 оқушы жоғары балл жинап, аудандық кезеңге жолдама алды. 


Облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысу. Жеке тұлға байқаулары.

«QAZAQ MEKTEBI» әдістемелік- танымдық журналының ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары арасында  өткен Республикалық «Көркем жазу» байқауына қатысып, Қадірбек Жанель, Жайық Медина, Дәулет Іңкар  марапатталды. Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығының ұйымдастыруымен «Аяулы Алтын күз, Алтын күз-2021» атты мектеп оқушылары арасындағы республикалық байқауда «Сәлем саған, Алтын күз», «Күзгі қолөнер» номинациясы бойынша  Бас жүлдені Даулет Іңкәр, Мамай Еркебұлан, Смаилов Ислам, Курванова Зайтунам, Даулен Сұлу, Жиенбай Диар марапатталды. «Тұғыры биік – тәуелсіздік» байқауында 4 «Д» сынып оқушылары Хожахмет Асем, Арзиев Алишер Бас жүлде иеленді.  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған шығармашылық байқауында Қуатбек Дәурен, Жиенбай ДиарМамай ЕрккебуланРахимжан Жан   І орынмен марапатталды. Жетекшісі  Данаева Б.Т.

Республикалық «Жас талант» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауына актерлық шеберлік номинациясы бойынша қатысып, үздік өнер көрсетіп  ІІ орынмен Қыдырбай Ажар марапатталды. Жетекшісі Абыканова Н.А.

Талғар аудандық 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, «Қазақстан халқы тілдері» айлығы аясында үш тілді жетік меңгерген  жастарды қолдау, тіл мәдениетін көтеру мақсатында «Тіл шебері» атты аудандық онлайн байқауда  ІІ орынмен Аружан Сейдахмет, ІІІ орынмен Қарақат Айтан,  Алғыс хатпен Азамат Серік, Каержан Танзиля, Нұрғанат Асия марапатталды. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты аудандық оқушылар арасында өткен «Жас автор» байқауындағы төл шығармасы үшін Тынышбай Әділқазы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Искулова Г.Ш.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Республикалық бүлдіршіндер, оқушылар мен жасөспірімдер және жастар арасында 2021жылы 1-3 желтоқсан арасында өткен "Тәуелсіздік -маңдайдағы бағым бұл" Республикалық онлайн өнер және шығырмашылық байқауына қатысып, үздік өнер көрсетіп "Вокал" номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен  1 "Ә" сынып оқушысы Тоқтарбай Арунаны марапатталды. Көркемдік жетекшісі: Алибеков А.  Республикалық «Qazaq mektebi» әдістемелік-танымдық журналының «Абай оқулары» байқауына қатысып өз дарынымен ерекшеленгені үшін Іңкәр Сәбитқызы мадақтама алды. «QAZAQ MEKTEBI» әдістемелік- танымдық журналының ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары арасында   өткен 

Республикалық «Көркем жазу» байқауына қатысып, Қырғызбек Раяна, Өмірәлі Салтанат, Азат Мадияр, Өмірәлі Аружан мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі Хуантхан А. 

«Жас дарын» дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен өткен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» байқауда «Көркем сөз» аталымы бойынша Бас жүлдемен Әлімтай Айару, І орынмен Серік Балнұр марапатталды. Жетекшісі Секерова А.Е. 

 «Жас дарын» дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен  «Өнер, білім бәрі де, оқуменен табылған» атты республикалық балалар байқауы «Көркем сөз» Арманқызы Інжу Бас жүлде, Мухамедқұл Алимжан, Қанатбек Бағым, Ақболат Раяна, Дәулетхан Кәусар І орын,   «Хореография» Бейсәкім Іңкәр, Құрманғали Аружан, Арманқызы Інжу І орын,   «Жас дарын» дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты республикалық балалар байқауы «Көркем сөз» Бейсәкім Іңкәр Бас жүлде,  Ақболат Раяна Бас жүлде, Мұратбек Мейрамбек, Союзбек Айша І орын. «Бейнелеу өнері» Мұхамедқұл Алижан 1-орын, Тоқжігіт Нұрайым І орын иеленді. Сынып жетекшісі Садвакасова М.К.

7 «Г» сынып оқушысы Ақмолда Ақнұр , ән байқауының барлық турларынан өтіп , Нұрсұлтан қаласында өтетін “ Қазақстан дауысы “ халықаралық байқауының финалына жолдама алып, Алғыс хатпен марапатталып, "Қазақстан дауысы" теледидардан Ақмолда Ақнұр Маржан Арапбаеваның тобына өткендігі хабарланды. Жетекшісі - Алибеков Айдын Тынышбайұлы.

Аудандық М. Мақатаев оқуларында 8 "А" сынып оқушысы Бектұрсын Қарақат жүлделі ІІІ орын. Жетекшісі Искулова Г.Ш.

Алматы облысының жалпы орта білім беру мекемелерінің арасында өткен облыстық Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған оқ атудан 10-11 сынып оқушылар арасындағы турнирінің 3 дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшісі: АӘЖТД Жумахан А.Б

«Ұшқыр ой» аудандық дебаттық сайыста мектебіміздің «Көшбасшы» дебат клубының  қазақ тілі пәні мұғалімі Жұмахан Бегзат ағайдың жетекшілігімен 10 «Ә» сынып оқушылары Бердіхан Балнұр, Мирзакулова Айнұр «Креативті команда» номинациясын ұтып алды.

2 «Е» сынып Саитов Назар  «Горнолыжных соревнованиях» жарысында 1 -орын.

Тәуелсіздік күніне   арналған волейбол жарысында мектеп   командасы 1- орын. 11 «В» сынып окушысы Тохтахунова Азиза "Достығы жарасқан елім бар" атты Абай атындағы педагогикалық университеті Алматы облысы бойынша ұйғыр сыныптары арасында ұйымдастырған білім сайысында 50 оқушы арасында жүлделі 3- орын. Пән мұғалімі: Амутова Айнурам.

Тарих пәнінен онлайн олимпиадасына қатысып І-ші дәрежелі диплом алған 11 « Ә» сынып оқушысы Куантаев Нұрбол.

Халықаралық "Бойтұмар" өнерлі балалар онлайн байқауында орыс тілінде «Көркем сөз» номинациясынан ІІ орын  2 "В" сынып оқушысы Алик Алихан.  9 "А" сынып оқушысы Еркінқызы Аяжан "Аяжан" оркестрін құрған, құрамы 5 "Ә" сыныбының Бердібек Әйгерім,  Қосылбек Інжу және 5 "Б" сыныбынан Жомарт Аружан. "Балбұлақ" байқауына қатысып ІІ орын иеленді. Жетекшісі -  Рахимжанова А. А

"Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый" атты республикалық балалар байқауында «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша  2 "Е" сыныбының оқушылары Ахметжанова Диляра, Сайдахметов Батыржан    

  1. орын, «Хореография» аталымы бойынша Нуранбетова Айлин 2-орын,   «Шығарма» аталымы бойынша Саитов Назар Бас жүлде,  Кожаева

Мехриниса 1-орын  иеленді.  Сынып жетекшісі - Гожамбердиева З. Н. 

Іле аудынында Ауған соғысы кезінде қаза тапқан жерлестерді еске алу құрметіне арналған бокстан жасөспірімдер турнирінде мектебіміздің                          7 «Г» сынып оқушысы Ғабитулы Әлімжан ІІ орын иеленді.

Аудандық «Ілияс оқулары»  байқауында ақынның өлеңдері мен драмасын жатқа айту бөлімі бойынша 11«Ә» сынып оқушысы Тынышбай Әбіш  Бас жүлде, «Ақынға арнау» өз шығармашылығы бөлімі бойынша Тынышбай Әділқазы Бас жүлде,   «Ілияс-эпик ақын» бөлімі бойынша ақынның поэмаларын жатқа айтып 8«В» сынып оқушысы Амин Адина ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Шұлғаубаева К.Қ.

«DAMU» Республикалық заманауи білім беру академиясы  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күнінен орай өткен «Мақатаев оқулары» атты Республикалық онлайн – байқауында   4 «А» сынып оқушысы Сауранбаева Құралай І орын алды. Жетекшісі: Дулатбаева Г.Ж.

Аудандық "Ясауи әлемі" атты Қожа Ахмет Ясауи шығармаларын жатқа айту және мәнерлеп оқу байқауында 6 -сынып оқушысы  Абдыкадир Исламбек ІІ орын иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті Чукаева А.У.

Аудандық Мағжан Жұмабаев оқуларынан 7 «В» сынып оқушысы Махаш  Зейнеш 2-орын иеленді. Жетекшісі  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ыдырыс Г.Ж.

СПОРТ саласы бойынша 

 Шымкент Қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «Әмбебап Жекпе –Жек»  жарысы болды. Әлем чемпионатына іріктеу өтті.  

1. Аблагатов Алижан 9 - сынып Лайт контакт, классика  1 орын 

2. Тогжигит Нурасыл 8- сынып Лайт контакт 1 орын, классика 2 орын 

3. Игамбадиев Рамиль 7- сынып  Лайттан 1 орын 

4. Кенесхан Акбота 7- сынып  Лайттан 2 орын, классика 2 орын 

5. Исмаилова Карина 10 -сынып оқушысы Лайттан 2 орын, классика 3 орын 

Шымкент қаласында "Әмбебап жекпе-жектен" өткен чемпионатына қатысқан 8"А" сынып оқушысы Токжігіт Нұрасыл чемпион атанды. 9"А" сынып оқушысы Аблагатов Алижан финалға жолдама алды.

Талғар ауданы оқушылар арасында жоғарғы мектеп лига спартакиадасында баскетболдан қыздар құрама командасы жүлделі 3_ші орын иеленді   Жаттықтырушы дене шынықтыру пәні мұғалімі: Идришев А.Б.Жауапты мұғалімдер: Сауранбаев А.Ж.,Хетипов А.А.

Қыздар арасында баскетболдан ауданнан бірінші орынды иеленді. Жетекшісі Идришев А.Б.

" Мектеп лигасы-2022" аудандық  спартакиадасында волейболдан ұлдар құрама командасы жоғарғы лигада жүлделі 1- орынды иеленді. Жаттықтырушы дене шынықтыру пәні мұғалімі: Турдыев Р.А.

Талғар ауданында ерлер командасы жүлделі 3-ші орын,  қыздар 1-ші орын иеленді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив