мектеп тарихы! » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

мектеп тарихы!

Мектеп тарихынан
№24 мектебінің өткеніне көз жіберсек, тарихы тереңде жатыр. Ауылдың аты Қызылту болып, Октябрь революциясынан кейін 1921 жылы алғаш бастауыш мектебі ашылды. Алғашқы мектеп екі бөлмелі, аласа, шағын үй еді. Мектепте 8-10 бала оқытылып, оқу қазақ және араб тілінде жүргізіледі. 1929-1930 жылдары ауыл тұрғындарының көмегімен ауылдағы мешіт
жөндеуден өткізіліп, №105 жеті жылдық мектеп болып ашылды.
1935-1936 жылдары №105 жеті жылдық мектеп жолынан интернат ашылып, онда Төңкеріс, Алға, Жалғамыс, Октябрь, Жаңаталап, Қоянқұс ауылдарының балалары жатып білім алады.
Соғыс жылдарында мектеп жабылмай балалардың білім алуына көп үлес қосқан ұлағатты ұстаздардың еңбегі зор. Олар: Хамитов Узбай Хамитович,Тұрсынбаев Бадель,Чумина Таисия Васильевна. Соғыс жылдарында интернатқа Москвадан эвакуациаланған балалар да оқыды.
1945 жылы мектеп жанынан республикалық агрономдар дайындайтын мектеп ашылып, ауыл шаруашылық мамандар оқытылды.
Жасөспірімдерді тәрбиелеуде тек қана біліммен шектеліп қоймай, болашақ өмір сай жан-жақты өмірге бейімдеп, мектеп қабырғасынан қанаттандырып ұшырған ұлағатты ардагер ұстаздардың еңбегі өте зор. Оларды атап айтсақ, 1950-1960 жылдары еңбек еткен мектеп директорлары: Сағаталиев Абен Сағыталиевич ,Абдыкаримов Сауле Абдыкаримович , еңбек еткен ұстаздар:Жолдыбаева Бибиша Жолдыбаевна, , Чернова Татьяна Гавриловна, Чумина Таисия Васильевна, Құрманғожаев Болатжан Құрманғожаевич, Антонюк Михаил Степанович, Хамитов Мажит.
1970 жылдары мектеп директорлары: Белгишев Кенес Есимович болды. Ұстаздар: Қарашолова Ш. Қ.,Мухитова Маико Валибековна, Искакова Дариға, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі иегері Наданбаев Жоламан Тумабаевич.
1979 жылы мектеп №24 орта мектеп болып ашылды. Осы мектепті 25 жыл басқарған Абралинов Сеитжан Абралинович, «ҚР-ның халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісінің иегері Қалиакпаров Ақан Қалиакпарович Ыбырай Алтынсарин атындағы «Төс белгісінің» иегері Мақатова Майра Тургенбековна , Қалиакпарова Фатима Молдабековна, Мурзабекова Камиля Маметовна, Таронова Зинаида Васильевна, Мустафаева С. Ш., Койбагарова М.К., Чернова Т.И., Мұхаманова Р. Т , Чернышева Л .А., Шыникулова Ғ.Р., Беисенбекова Б.Б.,Сулейменов С. С., Аисаров Н.А, ТүстікбаеваТ. А.,Имашева Б. Т., т.б. ардагер ұстаздарымыз ұзақ жылдар бойы ұстаздың өмірінде қаншама жасөспірімдерді білім бұлағынан сусындатып, өмірге жолдама беріп, қанат қақтырды.
Осы ұлағатты ұстаздардың шәкірті Данаева Бибигул Туленқызы 2004-2011 жылдары мектеп директоры қызметін атқарды. Осы жылдары мектеп күрделі жөндеуден өтті.Мектептің көркейіп гүлденуіне Бибігүл Тулегенқызы өз үлесін қосты. Осы кезеңдегі мектеп әкімшілігі : Койбагарова А.С., Нурмуханбетова Г.Х., Жиенбаева А.Б., Чимирбаева Ш.Е. мектептің жаңашыл өмір талабына сай білім тәрбие үрдісін қалыптастыруда көп еңбек етті. 2011 жылдан бастап мектепті Қайшыбекова А.А. басқарып келеді. Ұжым инновациялық технологияны терең меңгеріп, білім тәрбие үрдісінде қолданып жатыр.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив