"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы орындалуы » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы орындалуы
01
сентябрь
2021

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы орындалуы

Анықтама

Тақырыбы: "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы орындалуы


2021-2022 оқу жылы/ақпан/


               Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

           1. Қоса беріліп отырған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне берсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.12.2019 № 949 қаулысымен.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.12.2019 № 949 қаулысымен.




"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

      Ескерту. 

Бағдарламаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.12.2019 № 949 қаулысымен


Бағдарламаның атауы

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар
  

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Бағдарламаның мақсаты

Орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.

Бағдарламаның міндеттері

1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру:
 2. Көлікті және логистиканы цифрландыру.
 3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру.
 4. Электрондық сауданы дамыту.
 5. Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
 6. Мемлекет – азаматтарға.
 7. Мемлекет – бизнеске.
 8. Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
 9. "Ақылды" қалалар.
 10. Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту.
 11. АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
 12. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.
 13. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).
 14. Инновациялық даму алаңдарын қолдау.
 15. Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту.
 16. "Венчурлік" қаржыландыруды тарту.
 17. Инновацияға сұраныс қалыптастыру

Іске асыру мерзімі

2018-2022 жылдар





      "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады

      Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:

      1. "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.

      2. "Цифрлық мемлекетке көшу" - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.

      3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.

      4. "Адами капиталды дамыту" - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.

      5. "Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.

      Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 бастама мен 100-ден астам іс-шара қалыптастырылды, оларды іске асырудан түсетін қайтарылымды алдағы жылдардың ішінде айқын көруге болады, сондай-ақ болашақ экономикасының жаңа саласы ретінде цифрлық секторды қалыптастыруға негіз болатын іс-шаралардың негізгі нәтижесін келесі онжылдықтан байқауға болады.

      Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджет қаражатынан 109 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру тартуды болжайды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 169 млрд. теңгеден астам қаражатын тарту күтілуде.

      Бағдарламаны іске асыру бенефициарлары Қазақстан Республикасының барлық халқы, бизнес және мемлекеттік органдары болады, өйткені ол өмірдің барлық салаларына әсер етеді және мемлекеттің әрбір азаматы мен тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарлама жұмыспен қамту құрылымында елеулі өзгерістерге әкеледі - атап айтқанда, 2022 жылға қарай цифрландыру есебінен 300 жұмыс орны құрылады.

      Қазақстан экономикасын цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы серпіліс жасау мүмкіндік, бұл елімізді әлемдік аренада бірінші орынға шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін осы Бағдарламада сипатталған бес бағыт бойынша және оған қосымшада аталған іс-шаралар шеңберінде шаралар кешенін және жүйелі жұмыстар қабылдау болжанады. Іс-шаралар тізбесі жаңартылып отырады.

 Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында мектепте:ұлттық білім беру деректер қоры-бұл білім беру саласының алғашқы статистикалық деректерін жинау ,күнделік КЗ, мультимедиялық тақталалар  мемлекеттік  қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.
 
            ҰББДҚ (Ұлттық білім беру деректер қоры)-бұл білім беру саласының алғашқы статистикалық деректерін жинау және өңдеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған ЭОЖ (электрондық оқыту жүйесі) кіші жүйесі. ҰББДҚ да барлық өзекті ақпарат бірыңғай базада жинақталады сонымен қатар бағдарлама 8 бөлімнен тұрады. Ұйымның төлқұжаты толығымен толтырылып әр бөлім бойынша ақпарат өңделіп отырады. 

«Контингент» бөлімі бойынша (оқушы тегі, сәйкестендіру нөмірі, ұлты, азаматтығы, техника, оқулықпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, оқушы үлгерімі, үйірме, іс-шараға қатысуы, денсаулық, әлеуметтік жағдайы, келген кеткен жайлы бұйрық т.б ) әр сыныптың оқушылары жайлы толық мәлімет толтырылып, өңделеді.  

ҰББДҚ мектептегі оқушылар саны:     даярлық сыныптарда -83 оқушы,  1-4 сыныптар-813 оқушы , 5-11сыныптар- 1076 оқушы тіркеліп тұр. «Қосымша мәліметтер», «Білім беру объктісі туралы мәлімет» бөлімдерінде сынып комплектісі, сыныптар, оқушылар және түлектер жайлы мағлұмат қамтылып толтықтырулар жасалынады.   Жауапты оқу ісінің меңгерушісі: Усеинова З.М.

«Қызметкелер» бөлімі бойынша (қызметкер тегі, сәйкестендіру нөмірі, ұлты, азаматтығы, білімі, лауазымы, дәрежесі, санаты, еңбек шарты, еңбек өтілі, жүктемесі, біліктілігі т.б) кадрлар туралы мәліметтер жыл бойына өңделіп толтырылады. Жауапты оқу әдістеме меңгерушісі: Солтанбекова А.С.

«Білім беру үдерісі туралы негізгі мәліметтер» бөлімінде оқушылардың үйірме және спорттық секцияға қатысу жайлы мәліметтер қамтылып реттелінеді. Жауапты ДТІЖО Аликеева З.К. «Қамқоршылық кеңес» бөлімі бойынша қамқоршылық кеңестің құрамы туралы мәліметтер толықтырылады. Жауапты Тлешова М.Т

«Материалдық техникалық қор» бөлімі ғимарат, кабинеттер, компьютерлеу бойынша мәліметтер толтырылып өзгеріс ензіледі. Жауапты завхоз Кусаинова А. Сонымен қатар кітапхана қоры жайлы толық мәлімет жыл бойына түзетулер енгізіп реттеліп отырылады, жауапты кітапханашылар: Қойбағарова А.Ж., Пашкева М.Р

 «Компьютерлеу» бөлімі бойынша мектепте жалпы техника саны: 407 оның ішінде республикалық бюджеттен -304, жергілікті бюджеттен-103. Ғаламтор бар, жылдамдығы 10 Мбит/с, 1 Стем кабинет және 5 кабинет проектормен мультимедиялық кабинет жұмыс жасап тұр.


Kundelik.kz–«Цифрлы Қазақстан» жобасының бірі

          Kundelik.kz– бұл хабар алмасуға арналған жабық әрі замануи орта.Бұл жүйе қазіргі уақытта еліміздегі барлық мектепте енгізіліп жатқан электрондық портал. 

  Kundelik.kz — Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет-порталы. Kundelik.kz жүйесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде енгізілді және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бүгінгі таңда жүйеде 6200-ден астам мектеп тіркелген.

Ай сайын порталға 3 200 000 - нан астам адам кіреді, парақшаларды көрулер саны - 500 миллионнан астам.

2021-2022 оқу жылында  мектеп бойынша Күнделік кз жүйесіндегі күнделікті сабақтар  уақытылы толтырылуда, ауданға кешкі 20.00-ге дейін есеп   беріліп отырады, ЭЖК жүргізу статистикасы қорытындысы 100%. 

Қосымша білім беру бөлімі бойынша тақырыптар белгіленген,күнтізбелік жоспарлар бар, сынып тізімдері жарияланған,кестеге сай сабақтар өтілуде, апта сайын ЭЖК жүргізу статистикасы ,мұғалімдердің ҚББ бөлімін жүргізілуі тексерледі.

«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» біліктілік арттыру курсынан  2021-2022 оқу жылында 103 педагог өтті.



Ұсыныс:


1/ «Цифрлы Қазақстан»   мемлекеттік бағдарламасын  орындау барысындағы мектепішілік атқарылып жатқан жұмыстар,іс-шаралар қанағаттанарлық деп есептелінсін. 

       2/ Ұлттық білім беру деректер қоры, Kundelik.kz бойынша жұмыс барысы қанағаттанарлық деп есептелінсін.


 
 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив