"Мектепке жол" акциясы » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматинская область білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
23
сентябрь
2021

"Мектепке жол" акциясы

Республикалық «Мектепке жол» акциясы

          Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы. Осы мақсатта әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі №24 жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында дәстүрге айналып келеді. Биылғы 2021-2022 оқу жылында да аталмыш шара жалғасын табуда.

     Акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу, көмек көрсетіп, қолдау.

Аталған шара аясында біздің білім ордасы осындай  түрлі санаттағы оқушыларға көмек көрсету мақсатында мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ақпарат бұрышын және әлеуметтік желі парақшаларына ауыл тұрғындарына, түрлі демеушілерге арнап сұраныстар дайындалды. Нәтижесі де көп ұзамай көрінді. Ауыл имамдары, мектеп ұжымы, түрлі демеушілер тарапынан көмекке мұқтаж балаларға жыл бойы азық-түлік, киім-кешек, оқуға қажетті құрал жабдықтар, ойыншықтар беріліп, өз қолдауларын көрсетіп отырды. «Жаңа жыл», «Балаларды қорғау күні» сияқты жағымды тосын сыйлар мен қуанышқа толы мейрамдар да әр түрлі санаттағы оқушыларды, жетім, «ерекше» балаларды қуантып, сыйлықтар беріліп, қолдау көрсетілді.  Мектебіміздегі 2 мұқтаж балаға мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары, мешіт имамдары бірлесе отырып, қаржылай еміне деп көмек көрсетті. Қашықтықтан оқу барысында мұқтаж балаларға мектеп ұжымы, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар мен басқа да демеушілер бірлесіп,  телефон, планшет алып беріп, оқушылардың кедергісіз білім алуына үлкен көмегін тигізді.

Шексіз қуанышқа бөленген балаларды көру - бақыт.  «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз. Жақсылық жасауға асығайық!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив