Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда! » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматинская область білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда!
09
сентябрь
2024

Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда!

Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда!


Қазіргі заманда экономикалық қиындықтарға байланысты көптеген адам қаржылық қиындықтарға тап болады. Бұл, әсіресе, жетім, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар, әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы және толық емес отбасылардың балалары. Тегін ыстық тамақ беру — олардың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, физикалық және психологиялық тұрғыдан қолдау көрсететін маңызды көмек.

Оқушының дұрыс тамақтануы – оның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Дұрыс әрі жақсы тамақтанатын оқушылардың денсаулығы мықты әрі сабақ үлгерімі де жоғары болатыны анық. Осы орайда жаңа оқу жылының басталуына орай ауданымыздың «№24 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну мақсатында мектеп асханасы жұмыс жасауда. 

Жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан  ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны әзірге 1105 оқушыны  құрап отыр. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 955 болса, 5-9-11 сынып оқушыларының саны 150 құрайды. 

Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы   әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі, мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитетінен құрылған комиссия  бақылап, тексеріп отырады. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті асты болдырмау мен уланудың  алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама   жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.)   күнделікті бақылауда.


«№24 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік 

коммуналдық мекемесінің әлеуметтік 

педагогы Р.Е.Тастанбекова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив