15
сентябрь
2021
Қазақстандағы Ұлттық Халық санағы!
Құрметті Қызыл ту ауылының тұрғындары!
Өздеріңізге белгілі болғандай биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің шешімі бойынша ұлттық санақ басталды.
Елде кезекті санақты өткізу елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша ел тұрғындарын сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты кең ауқымда алуға және басқа елдердің, бірінші кезекте ЕАЭО бойынша серіктес елдердің санақтарының деректерімен салыстырмалы деректерді алуға мүмкіндік береді", халықтың саны мен жыныстық-жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптастырылатын болады, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуде, экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты анықтау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай - ақ, мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін қажет. Халық санағынан kzsanaq.gov. сайтында онлайн түрде өтуге болады. Ауылымыздың тұрмыс жағдайын жақсартуға ат салысайық (бала саны арқылы –мектеп салу, бала –бақша ашу мәселесі қаралады)