14-наурыз "КӨРІСУ КҮНІ" » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2021

14-наурыз "КӨРІСУ КҮНІ"

«№24 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ
«14-наурыз Көрісу күніне» ұйымдастырылған іс-шара туралы
        14 наурыз – «Көрісу» мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.
      «Көрісу» мейрамына орай  наурыз айының 15 күні ұстаздар мен І-ші және ІІ-ші ауысымда оқитын оқушыларды мектептің кіре беріс дәлізінде  ДТІЖО –Аликеева З.К., Мұқаш Ұ.А., педагог-ұйымдастырушы –Тастанбекова Р.Е., әлеуметтік педагог –Тилешова М.М., педагог-психологтар Чуюмбек А.Э.,  Қырғызова А.А.,  «Өзін-өзі басқару» ұйымының белсенділері,  музыкалық қошеметпен күтіп алып, көрісті.
Бұл іс-шараның басты мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі – амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив