23
март
2021
23-наурыз - "Жоралғы күні"
23 наурыз – «Жоралғы күні» (Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие)
Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, ал барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-тыйымдарың адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. Мұндай құндылықтар ұлттық кодты сақтаудың компоненті екені айтылады.
Салт дәстүрімізді ұмытпай,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің ұстаздар мен ата-аналардың міндеті. Салт дәстүрді қаншалықты білетіндерін ата-аналармен бірге оқушыларымыз көрсете білді. 9 "Г" сынып оқушылары "Бесікке салу" дәстүрін көрсетіп, бесік жырын жырлады. Сынып жетекшісі -Турсунова Ж.М