Жас мамадар мен тәлімгерлер » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2021

Жас мамадар мен тәлімгерлер


Жас мамадар мен тәлімгерлер


Жаңа оқу жылында  жас мамандардың педагогикалық шеберлікті қалыптастыру, арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру, жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында жас мамандармен отырыстың жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарлы түрде отырыстар жүргізілді. 

Отырыс міндеттері:

  • Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;
  • Оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңашыл әдістерді қолдануын қалыптастыру;
  • Нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;
  • Жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау.

Жас мамандар мен тәлімгерлер кездесуінде нормативті-құқықтық құжаттармен танысып, жас мамандарға оқу-тәрбие үдерісіне бейімдеуді, мектеп құжаттарын рәсімдеудің талаптары туралы талданды. 





Жоспарға сай педагог-психологтар Өтеген С.Ж, Чуюмбек А.Э. «Жаңа оқу жылын жалынды жастық жігермен бастайық» тақырыбында семинар-тренинг жүргізді. Мақсаты: жас мамандардың  «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту.



Талғар ауданы Жас мамандар ассоцациясын құруға мектептен жас маман қатысты. Мақсаты: Жас мамандарға біліктілігі мен білім арттыруда қолдау көрсету, педагогикалық және психологиялық жетектеу. 

Қазан айында жоспарға сай «Online Mektep» платформасының мүмкіндіктерімен таныстырылды және «Мұғалімнің білім алушы ынтасын, қызығушылығын арттырудың негізгі әдіс – тәсілдері» тақырыбында бірінші деңгейлі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунисова  А.А. коучинг өткізді. Мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, оқушылардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру жолдарын қарастыру. 

Қазан айының 25, 26, 27 күндер аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Мектепте сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру» атты 8 академиалық сағат көлеміндегі венбинарлар топтамасына қатысқан биология пәні мұғалімі Досполат Акерке Абдурахимовна, тарих пәні мұғалімі Абай Арай Аблайханқызы, информатика пәні мұғалімі Ордабай Ұлбосын Еркінқызы Сертификат алды. 






Жас мамандармен жаңа үлгідегі сабақ жоспарын құруды үйрету мақсатында мектеп тренерлері: Қайыпназарова А.Қ., Абыканова Н.А. «Заманауи

сабақты қалай дайындау керек?» тақырыбында  теориялық семинар практикум өткізді. Мұғалімдер өздері дайындаған сабақ жоспарын слайдқа салып жан- жақты таныстырды және тиімді әдістерді қалай таңдап алу керектігін түсіндірді. Теорияны практикамен ұштастырып, топтық жұмыс жасатып, кері байланыс берді. 


Желтоқсан айында жалпы орта білім беру мекемелерінің жас мамандарына арналған  «Педагогикалық дебют» байқауының аудандық кезеңіне ағылшын тілі пәні мұғалімі Әкімбек Алина Баққожақызы қатысып, «Педагогикалық дебют-2021» байқауында Алғыс хатпен марапатталды. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив