Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек » №24 жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№24 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
03
сентябрь
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек

"ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ"

БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.

Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:

– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

– сондай-ақ ұлттық табысты әділ бөлу.

Бірінші. Бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Сондай-ақ тауар тапшылығын туындатып, елді импортқа тәуелді етеді.   

Екінші. Экономиканы одан ары монополиясыздандыру үшін нақты институционалдық шешімдер қабылдау қажет.«Конгломерат» ұғымын заң жүзінде айқындап алған жөн.

Үшінші. Экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты.

Төртінші. Салық саясатының тиімді болуы кеден жұмысының ашықтығына тығыз байланысты.

Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелерді толық біріктіру ісін аяқтау маңызды.

Бесінші. Біз «көрпеге қарай көсілу» қажет екенін ұмытпауымыз керек.   

Бюджет саясатына реформа жасалады. Ақырғы нәтижені дөп басуымыз керек.

Алтыншы. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. 

Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек

Жетінші. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. 

Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. 

Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс.

Сегізінші. Несие ресурстарының тапшылығы отандық бизнес үшін үлкен проблема болып отыр.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 42 миллиард долларға жуық қаражат жетіспейді. 

Тоғызыншы. Өнім өндіру үшін, ең алдымен, жер керек. 

Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды.

Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс.

ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.

Ең алдымен, жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді барынша жеңілдету керек. 

Геологиялық ақпарат туралы бірыңғай мәліметтер банкін құру жұмысын аяқтау қажет.

Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет.


ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.

Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек.

Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады.    

Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады.

Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет.

Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек.

алабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет.

Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.

Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды.

оғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлар білім беру экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс.

Еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатын арттырудың басты факторы.

«Самұрық-Қазына» қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударатын болады

ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.

Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет.

Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге берген жөн.

Нақты бір саладағы саясатқа «ұжымдасқан кабинет» емес, нақты бір министр жауап беруге тиіс.

Үкімет салааралық мәселелерді шешумен шұғылдануы қажет.

Кадрлық резервті нығайту керек.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институтына айналуға тиіс. Үкімет Агенттікпен бірлесіп, бүкіл әлемдегі азаматтарымыздың әлеуетін жұмылдыру үшін арнайы платформаны іске қосуы керек. 

БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.

Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет.

Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек.

Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ жемқорлықтан таза болуы қажет.

Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн.

Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек. 

Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді.

Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын.

Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн.

Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек.

Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет.

Судьялардың дербестігін арттыру үшін Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін нығайтқан дұрыс.

Судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру жұмысы Кеңестің құзыретіне беріледі.

Сондай-ақ, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттігін тоқтату мәселесімен де осы мекеме айналысады. 

Бұл мемлекеттік орган нақты кадрлық функциялары бар, толыққанды институтқа айналуы керек.

Кадрларды іріктеуден бастап, барлық деңгейдегі соттарды тағайындауға ұсыным беруге дейінгі бүкіл міндет соларға жүктеледі.

Күштік құрылымдар сотқа ықпал Етпеуге тиіс. Бұл – өте маңызды.

Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді.

Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!

Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив